1 Маусым - Халықаралық Балаларды Қорғау Күні
№ 42 оқу-тәрбие кешенінде таңертеңнен бастап мерекелік шаралар өткізілді.Тәрбиешілер балалар дәліздерін безендіріп, кішкентай бүлдіршіндерді әнмен қарсы алды. Каштапиева А.М. дене тәрбиесінің мұғалімі балалармен спорттық жарыс өткізді. Түстен кейін көңілді клоундар ( Антошук Н.А. және Каяфа Р.А.) балаларды ойын-сауыққа шақырды. Бұл күн балалардың есінде ұзаққа қалар.
