Семинар
2019 жылдың 26 қарашасында "№11 сәбилер бақшасы" МҚКК базасында "Мектепке дейінгі балалардың ынтымақтастығы және коллаборативтік оқыту" мектепалды топ тәрбиешілеріне және әдіскерлерге арналған семинар өтті. Семинар барасында жоғары санатты тәрбиеші Е.Н.Беркетова "Ғажайып магнит әлемі" ашық сабағын көрсетті. Семинарға қатысушылар сабақты ғана емес, сонымен қатар коллаборативті оқыту әдістерін де көрді. Семинарды Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі секторының әдіскері Н.К.Нургалиева, "№11 сәбилер бақшасы" МҚКК әдіскері Н.Н.Шилова өткізді.
