Телефон доверия
8(7182)61-03-02
Адрес: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 7/2
8(7182) 22-80-11 вахта 8(7182) 22-80-01 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Басшының жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жеке мәселелер бойынша қабылдау: сәрсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
ПСИХОЛОХТЫҢ АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕСІ
25-12-2024 16:36
ПСИХОЛОХТЫҢ АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕСІ

Тақырыбы: «Баланы тазалыққа қалай үйретуге болады?»
Көпшілігіміз ата-анамыздың бізді бөлмемізді жинауға мәжбүрлегені туралы естеліктерді ұмыта қойған жоқпыз. Бірақ... ойыншықтар ешқашан өз орындарына барғысы келмейтін. Енді бұл оқиға сіздің балаларыңызбен жалғасуда.
Бала туғаннан бастап тазалықты жақсы көреді деп үміттенудің қажеті жоқ. Көптеген ата-ана үй жинау – әр отбасы мүшесінің міндеті деп ойлайды және балаға үй шаруасына көмектескені үшін мақтау айтуды артық санайды. Бұл – қате. Баланы тазалыққа үйрету кезеңінде ата-ананың мадақтауы өте маңызды! Жиі кездесетін қателік – баланы жинауға мәжбүрлеу. Тазалыққа сүйіспеншілікті қалыптастыру үшін алдымен баланың қызығушылығын ояту керек.
Қарапайым ережелер:
1Балаларға неге жинау керек екенін түсіндіріңіз!
Баланы тазалыққа үйретуді ол алғашқы қызығушылық танытқан сәттен бастау керек, яғни 2-3 жас шамасынан. Бұл жаста бала жинауды ойын ретінде қабылдайды. Мұндай дербестікке кедергі жасамаңыз, «Сенің қолыңнан келмейді», «Сен әлі кішкентайсың», «Кедергі жасама» деп айтпаңыз. Әйтпесе бала бәрін үлкендер жасайды деп үйреніп кетеді де, кейін тазалыққа үйрету әлдеқайда қиын болады.
2.Балалар кішкентай кезінде олармен бірге бөлмені жинаңыз. Бөлменің ортасына отырып, бір затты алып: «Бұл қайда тұруы керек?» деп сұраңыз. Бала оны орнына қойғанша күтіңіз. Кейін келесі ойыншықты алып, солай қайталаңыз.
3.Көптеген мектепке дейінгі жастағы балалар сырттан түрлі «қазыналар» – фантик, қақпақ, тас, қауырсын жинайды. Бұл заттарды бала үйде жоқта лақтырып жіберсеңіз, ол байқамай қалуы мүмкін. Бірақ 6-7 жастан бастап балалар өз заттарының жоғалғанын байқай бастайды. Сол кезде оларға арнайы сандықша немесе қорапша алып беріңіз – сол жерге өз «қазыналарын» салып жүрсін.
4.«Қазына іздеу» ойынын ойнаңыз. Бөлмеде қажетсіз заттарды тауып, олардан құтылу керек. Бәсекелестік рухы балаларға қоқыстан жылдам арылуға көмектеседі. Сонымен қатар бөлме де тазаланады.
5.Балалар нақты тапсырмаларды жақсы түсінеді, сондықтан «бөлмені жина» деген жалпы сөздің орнына, «кітаптарды сөреге қой», «фантиктерді таста» деген нақты нұсқаулар беріңіз. Сіз болмаған кезде бала не істеу керек екенін білу үшін тапсырмаларды қағазға жазып, орындалғанын бояу қаламмен белгілетуге болады.
6.Көп ойыншық сатып алмаңыз. Баланың қолжетімді жерінде 10-нан артық ойыншық болмауы керек. Қалғанын қорапқа салып, апта сайын ауыстырып тұрыңыз.
7.Мерекелер кезінде балаға өз бөлмесін өз қалауы бойынша безендіруге рұқсат етіңіз.
8.Баланың бөлмесін жинау уақыты болуы керек. Мұны күн тәртібіне қосыңыз. Егер бала 8 жастан асса, аптасына бір күн толық тазалыққа арналынып қойылуы тиіс. Сол күні бала шаңсорғышпен тазалап, заттарды жинап, ойыншықтарды реттеп, шаң сүртіп, гүл суара алады. Жинауға нақты уақыт қойыңыз, мысалы, сенбі күні түске дейін бәрі жиналуы керек.
9.Ешқашан баланы жинауға «сыйлық» үшін үйретпеңіз, әйтпесе кейін марапат болмаса, ол тазалық жасамай қояды.
10.Баланы ешқашан тазалықпен жазаламаңыз!
• Баланы тазалыққа үйретудің жақсы тәсілі – ертегілер.
Бала бөлмесіндегі ерекше тәртіп немесе бейберекетсіздік – оның ішкі жан дүниесінің көрінісі. Бұл баладан ата-анаға келген «хатты» түсініп, оқи білу – күрделі әрі қызықты міндет. Балаңызды бақылаңыз, оны түсінуге тырысыңыз, оған дос әрі тәлімгер болуға үйреніңіз.