«Ата-ананың ұстанымдарының баланың тұлғалық қалыптасуына әсері»
Ата-аналарға баланың эмоциялық-жеке дамуына ата-ананың ұстанымдарының қандай рөл атқаратынын түсіну өте маңызды. Әрине, ата-аналар бала үшін ең маңызды және сүйікті адамдар болып табылады. Әсіресе психо-эмоциялық дамудың алғашқы кезеңдерінде олардың беделі даулы емес және абсолютті болады. Балалар ата-анасының қателеспейтініне, әділдігіне және дұрыс екеніне қатты сенеді: «Ана айтты…», «Ата бұйырды…» деген сияқты. Ересек адамдар саналы түрде көптеген нәрселерге күмәнмен қарайды, қорғаныс механизмдерін қолданып, басқалардың талаптары мен ұстанымдарын саналы түрде қабылдамайды, өздерінің тілектері мен мотивтеріне сүйенеді. Олар өз санасына қажет емес ұстанымдарды кіргізбей қояды. («Темекі шегу зиян» — деп біледі, бірақ шегеді). Балалар бұны істей алмайды. Олар ата-анамен қарым-қатынаста психологиялық кедергі қоя алмайды. Сондықтан олар ата-анасынан алған көптеген ұстанымдары кейін олардың мінез-құлқына әсер етеді, көбіне қайталанатын, ұқсас өмірлік жағдайларда бірдей болады. Әрине, ата-ананың көп ұстанымдары оң және баланың жеке дамуына қолайлы әсер етеді. Егер олар көмектесіп, кедергі келтірмесе, онда оларды саналы түрде түсінудің қажеті жоқ. Олар баланы қорғаудың бір түрі болып табылады, баланың өзін сақтап, қоршаған ортада өмір сүруіне көмектеседі.
Теріс ұстанымдар
«Күшті адамдар жыламайды»
«Сен әрдайым әкеңдей (анаңдай) боласың»
«Сен өмір бойы әкең (анаң) сияқты абыржымақ боласың...»
«Ереже бұзсаң, ауырып қаласың!»
«Ешнәрсе оңай келмейді»
«Жаман баға алсаң, сен жамансың»
«Сен үшін қанша күш жұмсадық, ал сен...»
«Бұл сенің ақылыңа жатпайды...»
«Көп тамақ ішпе, семіз боласың, ешкім сені жақсы көрмейді»
«Ешкімге сенбе, алдайды!..»
«Егер осылай істесең, ешкім дос болмайды!»
«Сен әрқашан басқалардан нашар істейсің...»
«Сен әрқашан лассың!»
«Ауық болсаң — жалғыз қаласың»
«Бар жақсылық аяқталады, үнемі тәтті жеуге болмайды...»
Бұл «сөздер» баланың подсознаниесінде терең орын алады, сондықтан бала сізден алыстады, жабық, жалқау, сенімсіз болып кеткеніне таңғалмаңыз. Қайғы мен ұят сезімі баланың сау және бақытты болуына еш көмектеспейді. Баланың өмірін күйзеліске айналдырмаңыз, кейде балаға оның әрекеті мен мінез-құлқын бағалау қажет емес, тек оны тыныштандыру жеткілікті...
Оң ұстанымдар
«Әркім өз жолын өзі таңдайды»
«Асыңа рахаттанып жей бер!»
«Әркім қателесе алады! Қайталап көр!»
«Барлығы адамның өзіне байланысты...»
«Мен саған сенемін...»
«Өзіңді жақсы көр, басқалар да сені жақсы көреді»
«Бұл өмірдегі бәрі сенікі»
«Сенің талғамың жақсы»
«Мен сенің арқаңдамын»
Сонымен, баланың тұлғалық қалыптасуы өмірдің алғашқы күндерінен басталады. Баланың өмірге деген негізгі сенімін қалыптастыру, қоршаған ортаны қуанышпен танып-білуге деген ұмтылысы, өз қажеттіліктерін түсіну және өзіне адекватты қарау маңызды. Оның дамуы үшін ең қолайлы орта — махаббат, эмоционалдық қабылдау, оның қажеттіліктеріне лоялды қатынас, құрмет, қамқорлық пен көңіл бөлуді ата-аналар қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ереженің бұзылуы баланың тұлғалық жеңіл бұзылыстарынан бастап ауыр психикалық ауруларға дейін әкелуі мүмкін.
