Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)61-03-02
Адрес: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 7/2
8(7182) 22-80-11 вахта 8(7182) 22-80-01 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Басшының жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жеке мәселелер бойынша қабылдау: сәрсенбі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін жұма сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
Хаттама № 2
17-02-2026 15:33

№2 ХАТТАМА
«№31 сәбилер бақшасы» КМҚК 2025–2026 жылдарға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша есепті талқылау

Өткізілген күні: 2026 жылғы «16» ақпан
Төраға: Дүйсембаева Н.М.
Хатшы: Алимбаева З.Ш.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар комитетінің мүшелері – 13 адам.

 

Күн тәртібі:

1.      2025–2026 жылдарға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті талқылау.

2.      Қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жинау.

 

1-мәселе бойынша:Нұргүл Меркімбайқызы Дүйсембаева сөз сөйлеп, қатысушыларды 2025 жылдың қорытындыларымен таныстырды. Келесі мәліметтер баяндалды:

*Педагогтердің аттестациясы;

*Балабақшаның мемлекеттік аттестациясы;

* Жұмысқа қабылдау;

* Баланы қабылдау (балабақшаға қабылдау);

* Көрсетілген қызметтердің жалпы саны (қабылдау, кезекке қою және т.б.) – 35 бірлік;

* Электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі – 98%;

* Қызмет алушылардан түскен шағымдар саны – 0;

* «e-Өтініш» жүйесі арқылы барлығы 25 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер 100% орындалды;

* Халықты ақпараттандыру шаралары (ақпараттық стендтер, сайт, әлеуметтік желілер – Instagram).

 

2. Талқылау және ұсыныстар:

* Қамқоршылық кеңесінің мүшесі  Р.С. Латыпова тарапынан сұрақ қойылды:
– «Ақылы қызметтер ашыла ма?»

* Нұргүл Меркімбайқызы жауап берді: иә, шағын футбол (мини-футбол) үйірмесін ашу жоспарлануда. 2026 жылғы 25 ақпанда өтетін жалпы ата-аналар жиналысына футбол жаттықтырушысы Андрей Сергеевич шақырылады.

Қаулы:

1.Ұйымның 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі қанағаттанарлық деп танылсын.

2.Есеп ескертусіз мақұлдансын.

3.Әкімшілікке қорытынды хаттаманы 2026 жылғы 20 ақпанға дейін ұйымның интернет-ресурсында орналастыру тапсырылсын.

 

 

Төраға:___________ (қолы)
Хатшы: ___________ (қолы)