№2 ХАТТАМА
«№31 сәбилер бақшасы» КМҚК 2025–2026 жылдарға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша есепті талқылау
Өткізілген күні: 2026 жылғы «16» ақпан
Төраға: Дүйсембаева Н.М.
Хатшы: Алимбаева З.Ш.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар комитетінің мүшелері – 13 адам.
Күн тәртібі:
1. 2025–2026 жылдарға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті талқылау.
2. Қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жинау.
1-мәселе бойынша:Нұргүл Меркімбайқызы Дүйсембаева сөз сөйлеп, қатысушыларды 2025 жылдың қорытындыларымен таныстырды. Келесі мәліметтер баяндалды:
*Педагогтердің аттестациясы;
*Балабақшаның мемлекеттік аттестациясы;
* Жұмысқа қабылдау;
* Баланы қабылдау (балабақшаға қабылдау);
* Көрсетілген қызметтердің жалпы саны (қабылдау, кезекке қою және т.б.) – 35 бірлік;
* Электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі – 98%;
* Қызмет алушылардан түскен шағымдар саны – 0;
* «e-Өтініш» жүйесі арқылы барлығы 25 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер 100% орындалды;
* Халықты ақпараттандыру шаралары (ақпараттық стендтер, сайт, әлеуметтік желілер – Instagram).
2. Талқылау және ұсыныстар:
* Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Р.С. Латыпова тарапынан сұрақ қойылды:
– «Ақылы қызметтер ашыла ма?»
* Нұргүл Меркімбайқызы жауап берді: иә, шағын футбол (мини-футбол) үйірмесін ашу жоспарлануда. 2026 жылғы 25 ақпанда өтетін жалпы ата-аналар жиналысына футбол жаттықтырушысы Андрей Сергеевич шақырылады.
Қаулы:
1.Ұйымның 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі қанағаттанарлық деп танылсын.
2.Есеп ескертусіз мақұлдансын.
3.Әкімшілікке қорытынды хаттаманы 2026 жылғы 20 ақпанға дейін ұйымның интернет-ресурсында орналастыру тапсырылсын.
Төраға:___________ (қолы)
Хатшы: ___________ (қолы)
