Тұңғыш президент күні


Біздің № 31 балабақшада Тұңғыш президент мерекесі қарсаңында қызметкерлер арасында «Туған өлкенің алғырлары» атты зияткерлік конкурсы өтті. Конкурста қызметкерлерге Тұңғыш президенттің өмір жолы, еңбегі туралы сұрақтар қойылып, сайыскерлер өз білімдерін жан-жақты көрсетті. Жеңімпаз команда алғыс хат, сыйлықтармен марапатталды. 2 желтоқсан күні біздің балабақшада Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті мерекесіне арнап «Президент – біздің күшіміз» атты іс-шара өткізілді. Балалар «Бала бүркіт» шағын ертегісін қызығушылықпен тыңдады.Балалар келген қонаққа танымдылық викторинасының сұрақтарына жауап бере отырып, елбасының балалық шағы, оның өмірі мен еңбек жолдары, мемлекет, мемлекетіміздің рәміздері туралы көп білді. Балалар Отаны, президенті, туған қаласы жайлы мәнерлеп тақпақтар айтты.
