«Табиқатты аялық» акциясы
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында балабақшада «Табиқатты аялық» акциясы өткізіліп, бүлдіршіндер тәрбиешілермен бірлесе отырып, түрлі көкөніс дақылдарының тұқымдары мен гүлдерін отырғызды.
Әр топтың өз «терезедегі бақшасы» болды.
Бұл әрекет балалардың сезіміне, олардың санасына, көзқарастарына, идеяларына әсер етудің жақсы тәсілі.
Өйткені, экологиялық тәрбие – білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі.
Енді балалар күнде таңертең бақшаға келгенде көшеттерді суарып, оның өсуін бақылайды, пайда болған өзгерістерді байқайды, көргендерінен алған әсерлерімен бөліседі.


