26 тамыздан бастап 26 қыркүйек айына дейін біздің балабақшамызда "Тілдер айлығы" өтті.
Балабақшада "Тілдер айлығына" арналған шаралар өтті. Көптеген шаралар балалардың, ата - аналардың, педагогтардың қатысуымен ұйымдастырылды: тақырыптық күндер, кітап көрмесі, Қазақстан халқының тұрмыстық бұйымдары, таңертеңгіліктер, фольклорлық саяхаттар. Сонымен бірге, "Тіл - халық қазынасы" атты апталық тақырыптар өтті. Осындай сабақтар арқылы балалар көптеген мәлімет алды, әр халықтың өз тілінің бар екендігі, салт - дәстүрлері, қазақ тілінің байлығы туралы білген. Әр топта түрлі шаралар ұйымдастырылды: сайыстар, викториналар, әдебиет кештері, мектепалды ата - аналардың қатысуымен таңертеңгіліктер. Аптаның соңы көңілді, әрі қызықты "Бір шаңырақтың астында" атты мейрамымен аяқталды, мұнда әр түрлі ұлттардың өлеңдері, биі көрсетілді.
