2019 жылдың 21 қараша күні «Павлодар қаласының №126 сәбилер – бақшасы – балалардың эстетикалық даму орталығы» МҚКК-да «Өрлеу» БАҰО АҚ курстың тындаушыларына «Музыка сабағында сыни ойлауды дамыту» атты тақырыпқа облыстық семинар өтті. Семинар барысында дене шынықтыру бойынша нұсқаушы Валентина Готлибовна Горгуленко өзінің сабақтарында түрлі музыка туындыларын қолданып фитнес марафон өткізді. Кейін хореограф Г.У. Шакенова тәрбиеленушілермен бірге «Балабақшадағы заманауи ритмика» атты шебер классын ұйымдастырды, сонымен бірге курстың тындаушыларына практикалық бөлімін көрсетіп және сабақтарда музыка мен ритмикалық қимылдарды қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жайлы қысқаша айтып кетті. Режиссер және эстетика оқытушысы И.В. Пятых балалармен бірге қуыршақтардың көмегімен музыкалық – театрлық композицияны көрсетті, мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік және музыкалық қабілеттерін дамытудың әдісі – ритмодекламация жайлы айтты. Музыкалық жетекші Т.Л. Гостищева логоритмика арқылы баланың сөздік, музыкалық – ритмикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуы туралы сөз қозғады.
