"Менің елім-Қазақстаным" атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Республика күніне орай Мектепалды даярлық "А" мен Мектепалды даярлық "Ә" топтары арасында "Менің елім-Қазақстаным" атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Мақсаты: тәрбиеленушілердің танымдық қабілетін дамыту, туған елге,жерге деген патриоттық қасиеттерін бойларына сіңіру.
Балалар мерекеге белсенді қатысып,викториналық сұрақтарға жауап бере алды.

