
Сенсорлық тәрбие қоршаған ортаны толық қалыптастыруға бағытталған.
Балаларды сенсорлық жағынан дамыту үшін бірнеше ұстаным бар:
заттардың көлемі, қалыбы, түсімен таныстыру;
тілдің дыбыстық саралауын жүзеге асырып, ән – күйлік есту мен қабылдауды қалыптастыру.
сенсорлық қимылмен балалардың іс – әрекеттерін үйрету.
қоршаған ортамен байланысты сенсорика бойынша жалпылауға үйрету.
заттардың сапасы мен мәндері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Топта материалдар жинақтаудан үлкен жұмыс жасалды, яғни: әр түрлі көлемдегі пирамидалар; пластикалық бөтелкелерден жасалған және сарафандар мен түрлі түсті орамалдармен (сары, қызыл,көк, жасыл) матрешкалар; түрлі көлем, қалып пен түстегі кесілген көкөністер мен жемістер; тақтай мен түйіршіктермен тығындар; пластмасалық кубтар, үшбұрыштар; түрлі түсті материалдардан тігілген дөңгелектер (көк, сары, қызыл, жасыл).
Пішінмен балаларды таныстырғанда фигуралар мен заттардың пішінін салып алу тәсілдерін қолданамыз. Пішінге саусақтарын тигіземіз, салыстыру тәсілін қолданамыз.
Түсімен таныстыру кезінде мозаикадағы шығып жатқан шыршалар, саңырауқұлақтар, гүлдерді көрсете отырып көркем сөздерді жақсы байланыстыруға үйрету. Осы кезде тәрбиеші балаларға : балаларды қызықтыру үшін ойындық кезеңдерді араластырып «Алаңқайда гүлдер мен саңырауқұлақтар терейік», «Орманды аралайық» деп айтады.

