НАУРЫЗ ҚАРСАНЫНДА
Наурыз-парсы сөзi, нау-«жаңа», руз-«күн» деген сөз, қазақшалап айтқанда,«жаңа күн» деген сөз. Бұл 21-нен 22 қараған наурыз күнi күн мен түн теңеледi. Сонан кейiн күн ұзарып, күн жылына бастайды, малдар төлдейдi, жаздық дайындығы басталады, яғни тоқсанның басы 22 наурыз болғандықтан, бұл күн «наурыз» - «жаңа күн» деп аталады.
Қазақ халқы да ежелден өзiнiң ұғымы бойынша уақыт есебiн жүргiзген. Айға, жылға ат қойып, iс жүзiнде қолдаған игiлiгiне жаратқан. Бұл негiзiнде арғы түбiрлерi түрiк халықтарына ортақ болғанмен, қазақ арасында өзiндiк қалпын өзгертпей сақталған. Жылды хайуандар атымен атау дәстүрi қазақта күнi бүгiнге дейiн бұлжытпай сақтағаны, қолданылып та келе жатқаны жұртқа мәлiм. Әр айдың өзiндiк аттары бар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешiн, тауық, ит, доңыз жылдары болып есептеледi.
Біздің балалабақшада осы аса әдемі, мол , жарық ӘЗ НАУРЫЗ мерекесіне кенінен дайындалуда.
Ата-аналар мен балалар арасында көрме сайысы ұйымдастырылынды. Ең күштілері алтын сыйлыққа ие болады.
Мерекелеріңізмен ағайын!

