Жазғы демалыстың кереметі
Балабақша бойынша «Жазды қалай демалдың?» атты сүрет көрмесі өтті
Мақсаты:мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеу тәсілін үйрету негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Әр топ тәрбиешілері балалардың алдында мынадай міндеттерді орындауға қойды:
- заттар мен өнер шығармаларының, халық ойыншықтарымен және сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының эстетикалық қасиеттерімен таныстыру;
- қарапайым заттар мен қоршаған ортаның құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеу тәсілдерін үйрету;
- қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнерін сурет салуда қолдануға үйрету.
Балалар әр сүретін қорғай білді, толығымен әр сюжеттерін түсіндіріп, өлең шумақтарымен бекіте білді. Қорыта келгенде сүрет көрмесі көңілден шығып ата-аналардың алдына да ұсынылынды.
