28 қыркүйек күніМәшһүр Жүсіп шығармаларының оқуларына сайыс өтті. Осы аталмыш сайысқа біздің балабақшадан Дайындық тобының тәрбиеші Ордаханова Альфия Бегадилқызы қатысты. Осы аса жоғары әдебиет сайысында Альфия Бегадилқызы белсенді қатысып Алғыс хатқа ие болды.
Қазақ халқының перзенттерінің қатарындағы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлт білімпаздары мен зиялы топ өкілдерінің бір і– Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.
Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Жайзатыс деген жерде туған. Ауыл молдасынан бес жасынан оқып, хат таныған ол 1870 жылы Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадағы діни жоғары оқу орнында оқып білім алады. Жасынан өнер білімге, әдебиетке құмар болған жас ақын ауыз әдебиеті үлгілері мен жас кезінен танысып халықтық жыр-дастандарды жаттап өскен.
Осындай көпқырлықаламгер, білімпаз, ағартушыныңтағылымдыістерінұрпаққа сіңірудіңжұмысын Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы Мәшһүр Жүсіп шығармаларының оқуларына аса үлкен құрметпен көңіл аударады.
