Жаңа 2013 ЖЫЛАН жылы құтты болсын!

Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік қақпастан бұрын, балапандар, сендердінамандығыңның тілекшісіміз! Қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын тілейміз. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге балалар, сендерлайықсындар!
