9-мамыр - Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру
9 - мамыр - Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру "Ересек" пен "Даярлық" топтарында өткізілді.
Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз,
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс! - деген өлең шумақтарымен басталған мерекелік шеру балалардың патриоттық сезімдерін оятты. Балалар желбіреген көк туымызды көкке көтеріп, әнұран, өлең шумақтар, өлең айтып , мәңгілік алауға гүл шоқтарын салды. Бұл мерекелік шеруді барлық топтар және педагогтар мен ата-аналар тамашалады. Ата-аналар, педагогтар өз құттықтау сөздерімен аяқталды.


