Қазақстан:2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы Сенім- Дәстүр – Транспаренттік - Төзімділік
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды. Осыны ескере отырып, еліміз сыртқы және ішкі саясатта теңдестірілген амал-көзқарастар пайдасына саналы түрде таңдау жасады. Көпжақты әріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясы сол амалдардың өзегіне айналды.
Біз Қазақстан төрағалығының Саммит шақыру жөніндегі белсенділігі мен табандылығын қолдаймыз.
