Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін
ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – денсаулық
саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы
мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
Н. А. Назарбаев
Қызметінің бағыттары
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Қазақстан-2030» стратегиясы, №4 «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» ұзақ мерзімді басымдығын жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Осы мақсат пен міндеттерді біз өзіміздің балабақшамызда арнайы Салауатты Қазақстан Тәуелсіз Қазақстан деген спорттық сайыс аптасын өткіздік.
Негізгі міндеті: салауатты өмір салтын насихаттау ұлттық саясатын жүзеге асыру
Мақсаты мен міндеттері: салауатты өмір салты культін қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, өмір сүру ортасы мен тұрмыс-тіршілігін сауықтырудың түрлі жобалары мен механизмдерін енгізу арқылы жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру.
13 топ тәрбиешілері ата-аналар арасында толық ақпарат өткізе отырып салауатты өмір салты туралы қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.
Және ақпарат тірегін медбике Жанара Орымбайқызы Жұмағулова өз жұмысында күнделікте атқарып отырады. Әр ата-анға жеке түрде салауатты өмір салты қандай пастулаттардан құрылғаның түсіндіреді:
- салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың, қауіп-қатер факторларының алдын алу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілік көрсету;
- салауатты өмір салты бағдарламаларын жүзеге асыруда барлық бағынысты ұйымдармен, жергілікті атқарушы органдармен сектораралық ынтымақтастық құру;
- халықтың әртүрлі топтарын сауықтыру бойынша жаңа технологиялар әзірлеу және енгізу;
- салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру және енгізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың, қауіп-қатер факторларының алдын алу және зиянды әдеттермен күресу, дене тәрбиесі мен спортпен айналысу бойынша халықтың әртүрлі топтарымен жұмыс жүргізу;
Дендеріңізге саулық, күш қуат тілейміз!
№7 сәбилер бақшасының ұжымы.
