Қымбатты ПАВЛОДАРЛЫҚТАР! 2011 жыл құтты болсын!
Қымбатты ПАВЛОДАРЛЫҚТАР! 2011 жыл кең байтақ елімізге молшылық, қасиетті жерімізге құт-береке әкелсін деп тілейік. Елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт пен шаттық тілейміз! Жаңа жыл құтты болсын! Баршаңызға зор қуаныш әкелсін! Халқымыздың мерейі үстем болып, игі арман-тілектеріміз жүзеге ассын. Еліміздің ырысы артып, ырыздығы молая түссін. Жаңа жылдарыңызбен, жаңа бақыттарыңызбен, құрметті жерлестер, педагогикалық қызметкерлер!
