Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: г.Павлодар, ул.Минина 31
(87182)515935
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 9.00-13.00 Среда 14.00-18.00
Сара Алпысқызының мерей тойына.
12-02-2011 15:45
Сара Алпысқызының мерей тойына.

 

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының маңызы.

    Еліміздің балабақшаларында Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» бағдарламасы енгізілген. «Болашақ бүгіннен басталады»,- дегендей еліміздің болашағы біздің бүлдіршіндеріміз. Ал, сол бүлдішіндердің тәрбиесі біздің қасымызда. Біздің балабақшасында осы бағдарламамен жұмыс істейміз.   «Өзін-өзі тану» бағдарламасының алатын орны ерекше. Себебі қазіргі бүлдіршіндердің болашақта еліміздің елеулі азаматтары  болу үшін, ең алдымен өзін-өзі танулары қажет. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты- адамның қоршаған ортаны, өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік – рухани потенциалын дамыту.  Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны рухани адамгершілік тұрғысынан дамыту, ар- ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың  меншігіне айналдыру, ата- бабаларымыздың дәстүрлері мен тәжірибелерін үйрену аса маңызды.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасының дамуына біз өз үлесімізді қосуға тырысамыз. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының әдістемелік жаңалығы- мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік- рухани тұрғыдан дамыту процесінде «Өзін-өзі тану»құралдарын пайдалана отырып, интерактивті оқыту әдіс- тәсілдері арқылы жүзеге асыруда. Негізгі мақсаты балалардың жеке бас даму ерекшеліктерін адамгершілікке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. «Өзін-өзі тану» негізінің бір бағыты халық педагогикасы болып табылады. Ұлттық тамырдан нәр алған, өскелең жас ұрпаққа ғасырлар бойы қазақ этносын, жалпы салт дәстүрді насихаттайтын қазақ менталитеті, басқа ұлттар мен бейбітшілік тұрғыда өмір сүре алатын болашақтың мектебі болуы керек. Бала өмірі үшін маңызды -қоршаған орта, табиғат, жер, қарым-қатынас, еңбек, адамгершілік қатынастармен негізделген.

Балабақшамызда осы жобаға байланысты «Өзін-өзі тану»- бұл тек өзі туралы  біліп қою емес, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі , адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіне білу болып табылады.