Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Құрметті ата-аналар! Назар аударыңыз!
11-06-2020 15:44
Құрметті ата-аналар! Назар аударыңыз!

Құрметті ата-аналар!

Жазғы мезгіл- балалар үшін нағыз демалатын шақ болса,  су- балалар организімінің сауықтырылуына қажет бірден-бір құралы болып табылады.

Алайда,  суға шомылудың пайдасын,  тек қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жағдайда көруге болады.

Осыған байланысты жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларыңызға  суға шомылу барысында өздерін қалай ұстау қажеттілігін ескертіп, ата-ананың қарауынсыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!!!!!

Жазғы кезенде су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары:

- Тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;

- Құтқару құралдарынсыз суға кірмеңіз;

- Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз;

- Суға шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- Ішімдік ішкен жағдайда суға түспеңіз;

- Суға түсу кезінде жүзу құралдарына жақын жүзбеңіз;

- Көпірлерден, бөгендерден, айлақтар мен қайықтардан секірмеңіз;

- Абай болыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!