2011 жылдың 18 наурызында №19 сәбилер бақшасында ата -аналарға арналған «Наурыз тойы -елдің тойы» атты мереке өткізілді. Мерекеге 8 топтың ата -аналары қатысты. Той екі тілде жүргізілді. Жүргізушілер кезекті балабақша бүлдіршіндеріне беріп, мерекелік жыр шашуы – тақпақтар,ән, би орындалды. Тойдың бағдарламасы бойынша әр топтан аналар арасынан арулар таңдалып, «Наурыз аруы» сайысы өткізілді. Әр топтың аруы көмекшілерімен бірге шеберліктерін көрсетті. Ата -аналардың назарына даярлық топтың дайындаған салт – дәстүрі: «Туған жердің топырағына аунату», орыс тобының мерекеге арнаған частушкалары, даярлық тобының «Жол үстіндегі МАИ қызметкерлері» атты әзіл -қалжыны, ортаңғы топтың ата -аналарының «Сыған биі», ересек тобының «Я, ты, он, она -вместе дружная семья» атты әні ұсынылды. Сайыс барысында аруларға ұлттық киімдер мен тұрмыстық заттарды қазақтың ұлттық оюларымен әшекейлеп, өз шеберліктерін көрсетуге мүмкіншілік берілді. Мереке қазақтың халық әндерімен жалғасып, қонақтар алдына ақ әжеміз келіп, батасын берді. Жиналғандар қасиетті тағам -Наурыз көженің дәмін татып, мерекелік дастархан басында тойды жалғастырды.
18 марта 2011 года в я/с №19 прошел той с родителями, посвященный празднованию Наурыз Мейрамы. В проведении праздника приняли участие воспитатели и родители 8 возрастных групп. Той проходил на государственном и русском языках. Праздник начался песней, танцем и стихотворением, которые исполнили воспитанники детского сада. Среди родителей каждой возрастной группы отобрали мам на участие в конкурсе «Наурыз аруы». Молодые мамы и даже бабушки состязались в своем мастерстве на лучшее украшение национальной одежды или предметов быта национальными узорами. В программу прзадника входили показ национального обычая «Туған жердің топырағына аунату», который показали родители подготовительной группы, исполнение частушек, игры «Шешуін тез табыңдар», танцев, песни,а юмор,подготовленный родителями подготовительной «Б» группы не оставил никого из присутствующих равнодушным.В продолжение праздника присутствующие пели казахские народные песни, пили традиционный Наурыз көже. Той закончился за праздничным дастарханом, гости угощали друг друга кумысом, бауырсаками и бесбармаком. В зале еще долго звучали пожелания «Ақ мол болсын», «Наурыз құтты болсын», «Ұлыс оң болсын», «Жаңа жыл – береке болсын».
- «Наурыз тойы - елдің тойы»
