"Әкем, шешем, мен - спортшымыз!" жарысы
Павлодар қаласы «№19 сәбилер бақшасы»МҚКК-ның даярлық «Б» тобы ата-аналары мен балалары арасында «Әкем, шешем, мен – спортшымыз» атты отбасылық спорттық жарыс өткізілді. Жарысқа 3 отбасы қатысып, өздерінің спортқа деген қызығушылығы мен ынтасын көрсетті. Әр түрлі жаттығу түрлерін орындап, салауатты өмір салтын сақтауға үлестерін қосты. Соңы қазақ халқының «Қара жорға» биімен ұласып, қатысушыларымыздың тамаша би өнерімен аяқталды. Ата-аналарымыз бен балаларымызға зор алғыс!
