Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)30-06-67
Адрес: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 приемная 8(7182)30-06-66 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник,четверг с 15.00-18.00
Мектепке дейінгі бала – болашақ оқушы
25-05-2011 04:00

19 балабақшада бірігіп істелінетін жоспар бойынша ата- аналармен мұғалімдер арасында доңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуге №7 ЖОМ мұғалімдері Замзагүл Васильевна мен Вероника Викторовна және оқу меңгерушісі Любовь Ивановна Гришина шақырылды. Любовь Ивановна әңгімесінде балалардың мектепке дайындық барысында келесі танымдық процестерді: қабылдау, еске сақтау, ойлау, зейін қалыптасуын туралы айтты.

Бастауыш сынып мұғалімі Замзагүл Васильевна ата - аналардың келесі сұрақтарына жауап берді:

Баламен мектеп тақырыбына әңгімелесу керек пе?

Мектепте оқуда баланың физикалық дайындығы қаншалықты маңызды?

Неліктен балалардың бәрі бірдей жазу мен оқуды меңгермейді?

Мектеп психологы Вероника Викторовна келесі сұрақтарға жауап берді:

Бейімделу кезеңі деген не?

Бұнда бастауыш сынып мұғалімінің рөлі қандай?

Ата -аналар өз балаларына мұғалім таңдай ала ма?

Доңгелек үстел соңында мұғалімдер «Ата -аналарға кеңестер» ұсынды:

Балаға үлгі болыңыз:кітап, газет, журнал оқудан сіз қандай әсер аласыз.

Баламен әр түрлі ойындар ойнаңыз.

Бала әңгімелеп айтып жатқанда, сөзін бөлмеңіз.Балаға көп сұрақ қоймаңыз.

Балаңызға қуаныңыз. Баланы мадақтап отырыңыз.

Егерде балаңыз оқи алмаса,оған күнде кітап оқып беріңіз.

Балаға өзінің тегін, туған күнің, әке, шеше, әже, ата, аға, әпкесі туралы мәліметті жаттап алуға көмектесіңіз.

Доңгелек үстел барысында ұстаздар тамақтану, үйірме ,үзақтырылған күннің тобы туралы сұрақтарға мазмұнды жауаптар берді.

Кездесу соңында мұғалімдер мектепке түсуге қажет құжаттар тізімін ұсынып, балабақша түлектерін ағымдағы жылдың 2 маусымында ашылатын сауықтыру лагеріне шақырды.