№19 МҚКК сәбилер балабақшасының айлық жоспарында ҚР тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын меңгеру бойынша іс-шаралар жоспарланды. Осы сұрақпен қазақ тілі мұғалімі ұстаздарды таныстырды.
Бағдарламаның 2 жартысында қызметкерлер арасында «Тілмаш» атты сайыс өткізілді, сайысқа алдын ала дайындық жүргізілді, үй тапсырмасы берілді. Барлық педагогтар дайын болды, қойылған сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер, көркем әдеби сөздер мен нақыл сөздерді қолданды. Қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы мәлімет берді. Музыкалық сайыста Т.А. Белащук, А.Т. Теңізова, Н.Қ. Шотабаева өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Соңында бай дастархан жайылып, қазақ жерінде тұратын ұлт өкілдерінің тағамдары қойылды. Бұл көңілді жиын біздің қызметкерлеріміздің есінде көпке дейін сақталады.
