«Бала тілі – бал»
2011 жылдың өткен аптасында «№ 19 сәбилер бақшасы» МҚКК «Бала тілі – бал» атты балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекелік шараға 4 топ тәрбиеленушілері ат салысты. Балалар мемлекеттік тілде тақпақтар, әндер айтты. Ұлттық нақышта киім киген балаларымыз көз тартарлық , мақтан тұтарлық ілтипатқа ие. Сондай-ақ ұлттық ойындарға да: «Қыз қуу», «Арқан тарту» өз кезегі жетті. Балаларға қонаққа мейірімді қуыршақ пен қайырымсыз мыстан кемпір келіп, мерекені әрі қарай қызықты, әрі көңілді өтуіне үлестерін қосты.
Қорыта келе, Еліміздің , Отанымыздың болашағы осы бүлдіршіндеріміздің қолында болса – еліміздің одан әрі көркеюіне жол ашуда десек қателеспеген болармыз, халайық!
Әдіскер: Омарова А.А.
