Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)30-06-67
Мекенжайы: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 қабылдау бөлімі 8(7182)30-06-66 есепші
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі,бейсенбі 15.00-18.00
"Мен тұратын қала".
11-10-2011 12:24

«Мен тұратын қала».

 

 7 қазан күні біздің балабақшамызға өлкетану мұражайының қызметкері келді.  Балабақша балаларымен «Мен тұратын қала» атты тақырыпта көрнекілік суреттерді пайдалана отырып әңгіме жүргізді.

Бұл кездесудің мақсаты: Кереку өңірініің тарихы, көне мәдени орталықтарымен таныстыру, сондай-ақ баланы туған жеріне, отбасына деген махаббатын ояту еді. Балалар әңгімені мұқият тыңдап, суреттерді зор қызығушылықпен қарап отырды, бірлесе әңгімеге қатысып, сұрақтар қойды. Әр бала өз Отанынан, оның әр талынан, әр бақшасынан, әр адамынан артық нәрсе жоқ екендігін түсінген болар. Себебі, Отан -біздің  барымыз, Отан- біздің нәріміз. Сондай-ақ алдағы уақыттарда да осындай кездесулер, әңгімелесулер жиі  болар  деген ниеттеміз.    

 

 

 

                                            Әдіскер: А.А.Омарова