Бұқар жырау.
Бұқар жырау.
2011 жылдың 26 қазанында «№19 сәбилер бақшасы» МҚКК, ересек және даярлық топтары Бұқар жарау музейіне саяхатқа барды.
Дәріс үш бөлімнен тұрды:
1-бөлімде қазақ халқының ертегі кейіпкерлері, салт-дәстүрі, құрал-жабдықтары жайлы мәлімет берілді. Отанымыздың мақтан тұтатын қазақ батырлары туралы сұрақтар қойылып, әңгіме жүргізілді.
2-бөлімінде осы күнге дейін сақталып, тасқа жазылған таңбалар, ескіше әріптер, оқулықтар, журнал және әліппе деректері көрсетілді.
3-бөлімінде Ұлы ақындар, жазушылардың жеке заттары, ең бастысы Бұқар жыраудың темірден жасалған мүсініне көңіл аударылды. . Біздің балаларды жақсы, жылы шыраймен қарсы алғаны үшін, Бұқар жырау қызметкерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз.
Тәрбиеші: А.Д. Айтжанова
