Сауапты іс
Сауапты іс.
Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа жомарттық туралы былай деген! Аллаh Тағала адал садақаны ғана қабыл алады. Кімде-кім адал табысынан бір ғана құрманың бағасындай мөлшерде садақа берсе, Аллаh тағала сол садақаны оң қолмен қабыл алады. Адал садақаның берекесін арттырып, берген адам үшін таудай сауапқа айналдырады. «Құрбан айт» күндері бүкіл балабақша ұжымы бір дастарқан басына жиналды. Шын пейілмен бір-бірімізге береке, бірлік, ынтымақ, отбасымызда өсіп келе жатқан ұрпағымыздың амандығын тіледік. Барлығымыздың ортақ мақсатымыз бейбітшілікпен, тыныштық.
Құрметті әріптестер, Құрбан айт қабыл болсын!
Қазақ тілі мұғалімі: Б.Ә.Тезекбаева.
