Ақпан айының 13-нен 17-сі аралығында «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім!» атты тақырыпта сурет көрмесі өтті. Сурет көрмесіне барлық сегіз топтың балалары ат салысып, өздерінің отбасылық шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Әр жұмыс өзі жеке-дара! Әр ертегі кейіпкерінің бойында баланың шығармашылық ізденісі, тапқырлығы, қиялы ашық аңғарылады.
Осындай ата-ана мен бала арасындағы шығармашылық бірізділіктің байқалуы - біздің еңбегіміздің зор жетістігі деп білемін.
Жасаған істеріңізге сәттілік тілей отырып, қадамдарыңызға нұр жаусын сүйікті бүлдіршіндер мен ата-аналар!
Н.Қ.Шотабаева
