Наурыз
Наурыз мерекесі
Бүгін біздің бақшамыздың ортаңғы және ересек топтары арасында Наурыз мерекесіне орай сауық өтті.
Мерекеде балалар өлеңдер, тақпақтар айтып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады.
Мерекеміздің қонақтары ретінде: Әже, Қыдыр ата, Қозы Көрпеш, Кенжекей болды.
Барлық балалар мерекелік ертегі сюжетіне еніп, зор қуанышқа бөленді. Мерекенің соңы мерекелік дастарханға ұласты.
Тәрбиеші: Чулкина Н.М.
