1. 7-8 мамыр күндері балабақшада
«Жеңіс күні бар әлемге әйгілі» атты тақырыптық сабақтар, экскурссия өткізілді.
2. Көктемнің шуақты күнінде біз Жеңіс мерекесін 63 рет атап отырмыз. Осы мерекеге арналған барлық топтарда «Олар ерлігі ғасырлар бойы сақталады» атты тақырыптық сабақтар өткізілді. Әсірісе Бұхар- Жырау музейінің қызметкері Мейрамғали Қайруллаұлының Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ жазушылары туралы қазақ топтарында өткізген сабағының маңызы зор болды.
Мейрамғали Қайруллаұлы соғысқа қатысқан жазушылардың есімдерін атап келіп, Бауыржан Момышұлына тоқтады.
Бауыржан Момышұлының Отанды сүю, ерлік, батырлық туралы нақыл сөздерінің мәнін түсіндірді. Азалы үн кернеген Данқ алаңында балалармен бірге экскурссияға барып, есімдері қара гранитте қашалып қалған жерлес-батырларға тағзым етіп, «Мәнгілік алау» басына гүл шоқтары қойылды.
Тәуелсіз де азат Отанымыздың бейбіт аспаны астында өмір сүріп жатқан балалар атынан Сіздерге презенттік ризалықпен басымызды иеміз деген тілек айтылды.