Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)30-06-67
Мекенжайы: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 қабылдау бөлімі 8(7182)30-06-66 есепші
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі,бейсенбі 15.00-18.00
Екінші педкеңеске дайындық барысында.
18-11-2009 18:00

Екінші педкеңеске дайындық барысында.

Екінші педкеңеске дайындалудың бірінші кезеңі Эдвард де Бононың “Алты ойшыл қалпақ” технологиясын қолдануға арналған анықтап қабылдау сабақ конспектілерін құрастыру болды.Ұстаздар сабақ конспектілерін әр түрлі білім беру салаларынан мазмұнды да, қызықты дайындады. Мысалы, тәрбиеші Н.М.Чулкина “Таным” саласынан “Сиқырлы электр” атты тақырыпқа анықтап қабылдау сабақ конспектісін жазды.Осы тақырыпқа байланысты балалардың алдына мынадай міндеттер қойылды: электрдің қайда “тұратыны” туралы білімдерің кеңейтуге, күнделікті қолданыста электржабдықтарын қалай қолдану ережелерін бекіту,ойлау белсенділігін дамыту, іздептабу – танымдық қызметіне талаптануға, бақылау икемшілдігін дамытып талдауға, ақ қалпақ бойынша қорытынды жасауға, қызыл қалпақты киіп өз сезімін, эмоциясын айта білуге үйренді. Ересек топтардың тәрбиешілері О.А.Волкова, А.Д.Айтжанова “Таным” саласынан “Судың қасиеті “ атты сабақ конспектісін дайындады. Балалар тәжірибе жасау арқылы судың үш түрлі қасиетін білді.”Егерде жер шарында су болмаса, не болар еді? деген мәселені шешетін жағдай тудырды. Бұл сұраққа балалар жасыл қалпақты киіп өз пікірлерімен және ойларымен бөлісті. Сонымен қатар “Жеті қазына”, “Қарлығаш пен дәуіт”, “Таулар мен тастардың құпиясы” атты тақырыптарға сабақ конспектілері құрастырылды. Педкеңестің келесі дайындық кезеңі, көк қалпақты қолдана отыра, “Бөлісуге асығамын” атты тақырыпқа пікірсайыс өткізу.