Телефон доверия
8(7182)30-06-67
Адрес: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 қабылдау бөлімі 8(7182)30-06-66 есепші
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі,бейсенбі 15.00-18.00
Ұлттық ойын – балабақшада
30-11-2009 18:00

Қараша айының соңғы аптасында №19 сәбилер бақшасында Бұхар Жырау мұражайының қызметкерлерімен “Қазақтың ұлттық ойындары” атты тақырыптық лекция өткізілді. Кездесуге ересек және даярлық топтардың балалары қатысты. Бұхар Жырау мұражайының қызметкері Оспанова Жанар қазақтың ұлттық ойындары туралы мағлұмат берді.

"Баланы ойын өсіреді" деген даналық сөз бар. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген – білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс – әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру жас ағзаның дұрыс та, сергек өсуінің көзі. Ойын арқылы көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады, – деп түсіндіре отыра, балаларға келесі ойындарды ойнатты: “Сақина”, “Аш қасқыр”, “Соқыр теке”, “Таяқ”, “Өз есіміңді айт”. Ойын соңында жеңген балалар сыйлықтармен марапатталды.