Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)30-06-67
Адрес: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 приемная 8(7182)30-06-66 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник,четверг с 15.00-18.00
Жаңа стандарт – жаңа деңгей. Облыстық семинар.
19-01-2010 18:00

Қаңтардың 20-сы күні Павлодар қаласының № 19 сәбилер бақшасында облыстық семинар өткізілді. Семинарға Павлодар қаласының біліктілігін арттыру институтынан тыңдармандар келіп қатысты.

Семинар мазмұнына тоқталатын болсақ, тәрбиешілер (М.М.Ахатова, А.С.Илялова) жаңа білім беру стандарты негізінде орталықтарда ашық сабақтар көрсетті. Сабақ барысында Эдвард де Бононың технологиясын, Венн диаграммасын қолданды.

Балабақша әдіскері М.Н.Камайлянова семинарға қатысушыларға жаңа стандарт бойынша дәріс оқып, кейін тәжірибемен алмасты. Осындай семинарлардың жиі болып тұруы, келешекте білім деңгейі жоғары тәрбиешілердің болуына жағдай жасайды деген сенімдеміз.