Телефон доверия
8(7182)30-06-67
Адрес: М.Жүсіп 36
8(7182)30-06-67 приемная 8(7182)30-06-66 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник,четверг с 15.00-18.00
Бұқар жырау мұражайына саяхат
18-11-2010 18:00

Дәріс тақырыбы: «Қазақтың ұлттық аспаптары»

Бұқар жырау мұражайымен бірлесе жоспарланған шара бойынша балалар дәріс алды. Бұл дәрісті даярлық топтардың балалары тыңдады. Гульмира Сағадатқызы балаларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыра отыра, осы ұлттық аспаптардың қасиеттеріне жеке тоқталды. Олар: домбыра, асатаяқ, дауылпаз, жетіген, қыл қобыз, қоңырау.

Асатаяқ – сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшейкеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Қазіргі кезде көне үлгілер қайта жасалып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылды. Домбыраны көрсеткен кезде балалар бұл музыкалық аспапты бірден танып, атап берді.

Домбыра – қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері де бар. Дәріс оқушы балаларға Мейрамбек Беспаевтың «Ару ана» атты әнін домбырада орындап берді.

Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптардың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Дәріс оқушы балаларға орыс халқының әнін дауылпаздың көмегімен орындап берді.

Жетіген – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айырылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен – деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Сондай – ақ жетіген аспабында «Ай - ай, бөпем» әнінін әуені ойналды.

Қыл қобыз – екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілері және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.

Шаң қобыз – бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты.

Қоңырау – сылдырмақты музыкалық аспап. Қоңырауды жыландас, асатаяқ деп те атайды екен.

Гульмира Сағадатқызы дәріс соңында балаларға домбыра, жетігеннің көмегімен бірнеше әндер орындап берді. Балалар өте мұқият дәрісті тыңдап, соңында барлық сұрақтарға жақсы,толымды жауап берді. Балаларға саяхат өте ұнады.