Сенім телефоны
8(7182)606387
email: yaslisad3400@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Гагарин к-сі, 63
8(7182)606387 (басшы), 8(7182)606388 (вахта), 8(7182)650602 (бухғалтерия).
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс уақыты: сағ.9.00 – 18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00 – 14.00 Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі: сағ. 15.00 – 17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Послания Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
15-09-2021 22:25
Послания  Главы  государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана

2021 жылғы 15 қыркүйекте "Павлодар  қаласының  № 34 сәбилер-бақшасы" ұжымы  Мемлекет  Басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі  және  жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік  негізі" атты  Қазақстан халқына  Жолдауын  түсіндірудің  Бірыңғай күніне  қатысты.

Мектепке  дейінгі  ұйымның  басшысы  Зоя  Васильевна  Пустовая Президент  айтқан  негізгі  нәрсе – ұзаққа  созылған  коронавирустық пандемия  кезінде  экономиканы  қалпына  келтіру  екенін  атап  өтті.

Қазақстан  Республикасының  Президенті  айқындаған  пандемиядан  кейінгі  кезеңде  елді  одан  әрі  дамытуға  бағытталған  бастамалардың  мазмұнын  ашты:

1. 2022  жылғы  1 қаңтардан  бастап  ең  төменгі  жалақы  мөлшері  ағымдағы 42,5  мыңнан  60 мың  теңгеге  дейін  ұлғайтылатын  болады.  Бұл  шара  бір  миллионнан  астам  адамға,  ал  жанама  түрде  барлық  жұмысшыларға тікелей  әсер  етеді.

2.Шағын  бизнес  кәсіпорындарының  жалдамалы  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  қорын  арттыру  қажет.

3. Микро  және  шағын  кәсіпкерлік  үшін  жиынтық  жүктемені  34% -  дан 25% - ға  дейін  төмендете  отырып,  еңбекақы  төлеу  қорынан  бірыңғай төлемді  енгізу  арқылы  еңбекақы  төлеу  қорына  жүктеме  төмендетіледі.

4. Жыл  сайын  2022  жылдан  2025 жылға  дейін  бюджет  саласы қызметкерлерінің  бірқатар  санаттарының  (мәдениет,  архивтер, кітапханалар  және т.б.  мекемелері  қызметкерлерінің)  жалақысын  20% - ға арттырылады.

5.Зейнетақы  жинақтарының  жеткіліктілік  шегінен  жоғары  бір  бөлігін кейіннен  тұрғын  үй  сатып  алу  үшін  "Отбасы  банкіндегі"  шотқа  аударуға  рұқсат  етілсін.

Қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  біздің  қызметіміздің  ұраны  «Біздің  күшіміз-бірлікте!  Бәріміз  бірге  еліміздің  игілігі  үшін  жұмыс  істейтін  боламыз!»