Біздің балабақшада «Әке,ана және мен – тату отбасы» отбасылық мереке өткізілді.Барлық топтардан бір отбасынан қатысып,олар әртүрлі сайыстарға қатысты.
Мерекеміз көңілді және қызықты өтті. Әр отбасының сайыстарын көрермендер мен әділ-қазылар сүйсіне бақылады.
Отбасылар өздерін өлең жолдарымен,тақпақтар арқылы таныстырды. «Ғажайып қолдар» сайысында отбасылар өздерінің жасаған жұмыстарымен көрермендермен әділ-қазыларды таң қалдырды.Денешынықтыру жағынан әкелер- секіргіштен,аналар- обручты айналдыруды,ал балалар допты соғуды өте жақсы көрсетті. Мерекенің қорытынды бөлімінде сайыскерлер өздерінің шығармашылықтарын өлеңдер,билер, қызықты ойындар арқылы көрсете білді.
Мерекеге дайындалуда әр топтың ата-анасы қатысты.
Олар отбасы газеттерінде өлеңдер мен фото суреттер арқылы өздерінің отбасы өмірлерін көрсетті.Олар: Салатов отбасы, Наливко отбасы, Василенко отбасы, Мухин отбасы,Двойнос отбасы.Өздерінің тату отбасылары туралы Валикулиндар, Пантелеевтар, Кондратюктар, Соколовтар, Ореховскилер, Закириндар отбасылары фоторепортаж жасады. .
Аносовтар, Тюменевтер, Лидяевтар отбасылық газеттерінде мерекелері,салт-дәстүрлері жақсы көрсетілген.Әр отбасы газеттерін керемет,мазмұнды етіп шығарған.
Мереке соңында әр отбасы сайысқа қатысқандары үшін,өздерін дарынды көрсеткендері үшін құрмет грамотасымен марапатталды