Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)606387
email: yaslisad3400@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Гагарин к-сі, 63
8(7182)606387 (басшы), 8(7182)606388 (вахта), 8(7182)650602 (бухғалтерия).
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс уақыты: сағ.9.00 – 18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00 – 14.00 Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі: сағ. 15.00 – 17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Семинар "Организация двигательной активности детей дошкольного возраста"
31-03-2017 16:41
Семинар

Мектепке дейінгі жас – адам денсаулығының дене қалыптасуының елеулі кезеңі болып табылады. Баланың дамуы және жан – жақты тәрбие берудің тапсырмаларын шеше отырып, сәбилер бақшасында балаларды сауықтыру үшін денешынықтыру негіздеріне көбірек көңіл бөлінуде. Осыған байланысты қазіргі заманғы талаптарға сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің өзекті сұрағы болып табылады.
 Баланың толық дамуы үшін, ол қимыл қызметі кезінде мүмкіндігінше көбірек әртүрлі дене тәрбиесіне байланысты құралдар мен заттармен танысқан жөн. Заттық орта балалардың қимыл белсенділігінің дамуы үшін зор мағына береді,олардың шығармашылығын және бастамашылық мінез – құлқын қалыптастырады.
 Дене дамуының міндеттерін дәстүрсіз жабдықтарды қолдану арқылы шешуге болады, ол мынадай мүмкіндіктерді береді:
1. Негізгі қозғалыс пен ойындарды орындаған кезде балалардың қызығушылығын арттыру;
2. Балалардың қимыл біліктілігі және дене қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасау;
3. Балалардың қимыл қызметімен айналысу үшін ықыласын ынталандыру, олардың қызығушылықтарын бағыттап, әртүрлі белсенділік түрлерін алмастыру;
4. Денешынықтыру сабақтарының қимыл тығыздығын жоғарылату;
5. Заттардың пішіні туралы ұғымдарын нақтылау, бөлшектердің ережелері, олардың салыстырмалы шамасы, заттардың түстері туралы; пішін және түстер сезімін дамыту;
6. Балалардың байқампаздығын, эстетикалық қабылдауын, қиялын, көру есін дамыту.
2017 жылдың 31 наурызында № 34 сәбилер бақшасы негізінде «Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл – қозғалысының негізгі түрлерін құрал ретінде қалыптасуының стандарттық емес жабдықтары» атты денешынықтыру нұсқаушылары үшін семинар өтті. Семинар барысында «Денешынықтыру» оқу іс- әрекеттерінің ұйымдастырылуын көрсетуі болды. Денешынықтыру нұсқаушысы О.В.Кожуханова мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл – қозғалысының негізгі түрлерінің қалыптасуының стандарттық емес жабдықтардың қолдануын көрсетті.
 Денешынықтыру нұсқаушысы С.С. Демченко өзінің тұсаукесерінде қимыл қызметін белсендіру үшін қимылды ойындарды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
 Денешынықтыру нұсқаушысы Н.М.Кошеварова сәбилер бақшасында «Денешынықтыру» сабақтарында қолданылатын денсаулық сақтау технологияларының қолдануы туралы баяндады.
 Денешынықтыру нұсқаушысы Альмира Жеңісқызы Таукилова семинар қатысушыларымен флеш – моб ұйымдастырды.
 Стандарттық емес жабдықтар көрмесі «шаңсорғыш», «шаңғы», «қар ұшқыны», «бауды ора», «зембіл», «бөрене», «бұрымдар», «түбіртек», «теңіз құрты», «шеңбер», «гантелдер», «резеңкелер» атты құралдарымен ұсынылды.
 Семинар қатысушылары мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық сақтау дағдыларын стандарттық емес жабдықтар арқылы қалыптастырып және оларды қолдану бойынша ұсыныстарды жасап шығарды.