Сенім телефоны
8(7182)606387
email: yaslisad3400@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Гагарин к-сі, 63
8(7182)606387 (басшы), 8(7182)606388 (вахта), 8(7182)650602 (бухғалтерия).
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс уақыты: сағ.9.00 – 18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00 – 14.00 Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі: сағ. 15.00 – 17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Әрі ойын, әрі оқу!
02-08-2017 02:18
Әрі ойын, әрі оқу!

Әрі ойын, әрі оқу!

     Әрбір адам өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және оны білуге міндетті, ал егер де өрт шыққан жағдайда оған қатысты өрт сөндіруге және адамдарды көшіруге барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.
Мектепке дейінгі мекеме қызметкерінің бірінші кезектегі міндеті балалардың өмірін сақтап қалу болып табылады.
     Осы мақсатта барлық білім беру мекемелерінде өткізілгендей, № 34 сәбилер бақшасында жүйелі түрде өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыстары жүргізіледі.
Алайда, біздің есептеуімізше, ең бастысы – бұл жай ғана қауіпсіздік туралы айтып беру болып саналмайды, төтенше жағдайлар кезінде автоматизмге дейін мінез – құлық ережелерін пысықтау болып табылады. Қауіпті жағдайларда баланың өзін-өзі дұрыс ұстай білуге үйрету қоршаған орта жағдайында бізге практикалық қызмет көмектеседі. Тек нақты эмоционалды боялған сабақтар және ойын жаттығулары баланың сана - сезімінде із қалдыра алады.
Сондықтан біз жылына екі рет Көшіру күнін өткіземіз, бұл кезде балалар да, ересектер де өрт кезінде қажетті іс – әрекеттерді және дағдыларды пысықтайды.
Биылғы жылы жазғы – сауықтыру жұмыс жоспарына біз «Қауіпсіздік күнін» қостық. 2017 жылы 27 шілде күні Павлодар қаласының ТЖД бас маманы Құтбекова Алмагүл Нұрланбекқызы оқыс жағдайларда іс-әрекеттердің реттілігін сақтауға, өрт сөндіргіштерді пайдаланудың іскерліктерін пысықтау бойынша ұйым қызметкерлерімен практикалық сабақ өткізді.
      Өрттің пайда болғандығы туралы сағат 15.35. үш реттік қоңыраудан кейін, сәбилер бақшасының барлық қызметкерлері өз орындарына жайғасты: тәрбиеші көмекшісі В.Е.Табулдыкова бірінші блокта өрттің шыққандығы туралы «101» бекетіне хабарлады, шаруашылық меңгерушісі В.Г.Шершак электр жарығын өшіру ұқсатуын жүргізді, көшіру кезінде жауаптылар И.В.Пушко, О.Омельницкая, Н.Д.Малик, С.С.Нургалиева тәрбиешілермен және тәрбиеші көмекшілерімен бірге тез арада және ұйымдасқан түрде жекелеген шығу бойынша балаларды төрт блоктан шығарып алды. Л.А.Левченконың басшылығымен сәбилер бақшасының аумағында өрт ошағының жанында қауіпсіздік бекетін шығарды. Ерікті өрт сөндіру жасағы құрамында В.Г.Шершак, А.Ж.Таукилова,Л.В.Сандыбаева жану ошағын өртсөндіргіштермен және қосалқы құралдармен сөндірді. Материалдық – жауапты тұлғалар сәбилер бақшасының басшысы З.В.Пустовая, бухгалтер Қ.Қ.Баширбаева, қоймашы Л.Л.Веревкина, хатшы А.Б.Русакова құжаттарды шығарды. Тізім бойынша бала санын және қызметкерлер санын тексергеннен кейін, 27 ересектен және 119 баладан тұратын колонна алдағы басшысымен бірге көшіру орнына - Пахомов көшесі бойында орналасқан № 25 сәбилер бақшасына беттеді.
      Бұл жаттығу тек ойын болған жоқ, білім беру – тәрбиелеу үрдісінің әрбір қатысушысына маңызды оқытуы болып, соның барысында саналылық, жауапкершілік және ұйымдастырушылық көрсетілді.


«№ 34 сәбилер бақшасының» басшысы З.В.Пустовая