1 қазан - ізгілік пен құрмет күні !!!
2017 жылғы 04 қазан күні қазіргі уақытта құрметті демалыста отырған әріптестерімізді біз балабақша қабырғасында қуана-қуана қарсы алдық. Бұл қонақтарды қазанның алғашқы аптасында шақыруға дәстүрге айналған. Біз алдын - ала музыкалық залды безендіріп, музыкалық қызметкерлеріміз Н.И.Жапарова, Л.В.Федичкина, А.Е. Кулибанова 2 сәбилер, ересек және даярлық топтың балаларымен музыкалық нөмірлерді әзірледі.
Жүргізуші – педагогтар Н.И.Терещук, А.Б.Бақтыбаева зейнеткерлермен викторина, жарыс – сайыстарды ұйымдастырды, бұл келген қонақтарға балабақша қабырғасында істеген еңбек жылдарын еске алуларына қолғабыс болды.
Қорытындылай келе, кәсіподақ комитетінің төрайымы И.Д.Мулик ұйымдастырған барлық қонақтарға ақ дастархан жайылды.