Кеңес беру пунктінің жұмыс кестесі
бейсенбі
17.00-ден 19.00-ге дейін
Кеңес беру пунктінде жұмыс істейтін мамандар
З.В.Пустовая - басшы
Н.Н. Пильщикова - әдіскер
А.Қ.Сейтханова - педагог - психолог
Қ.Қ.Сейтқазинова - қазақ тілі мұғалімі
А.А.Блинова – логопед
М.В.Павлова - медбике
Кеңес беру пунктінің міндеттері:
Мектепке дейінгі мекемеге бармайтын, 2-ден 7 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне):
- консультациялық психология-педагогикалық көмек көрсету;
- ақпараттық көмек беру;
- 2-ден 7 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету.
Ата-аналардың педагогикалық білімін арттыру мақсатында алуан түрлі іс-шаралар: пікірталастар, жас отбасылар фестивальдары,конференциялар өткізу.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жеке, нәтижеге бағдарланған педагогикалық және психологиялық көмек көрсету.
КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Сіздердің сұрақтарыңызға сәбилер бақшасының басшысы З.В.Пустовая жауап береді: Балалар құқығын қорғау және балабақшаға балаларды рәсімдеу бойынша кеңес беру: «Мемлекеттік қызмет - балабақшаға балаларды қабылдау және рәсімдеу», «Ажырасқаннан кейін ата-аналардың балаға қатысты құқықтары»; «Тұрмысы жайсыз отбасыларында балалардың құқықтарын қорғау» және т.б.
Медбике М.В. Павлова жауап береді: Баланың денсаулығын сақтау: «Мектепке дейінгі балалардың ұтымды тамақтануы», «Мамандардың нұсқауы бойынша балалардың диета сақтауы», «Профилактикалық екпелер», «Балабақшадағы сауықтыру», «Қауіпсіз тамақтану шарттары» т.б.
Педагог - психолог А.Қ.Сейтханова жауап береді: Баланың психологиялық даму проблемасы: «Неліктен бала тістейді?», «Баланың мектепке психологиялық дайындығы», «Бөбектердің үрейі және мазасыздығы», «Мектепке дейінгі балалардың гипербелсенділігі», «Балалар агрессиясының табиғаты».
Әдіскер Н.Н. Пильщикова жауап береді: Мектепалды даярлық және баланың дамыту мәселелері: «6-7 жастағы балаларды оқыту және дамыту», «Отбасының бала тілін дамытудағы рөлі», «Ұсақ моториканы дамыту», «Отбасы мектеп табалдырығында» және т.б.
Логопед А.А.Блинова жауап береді: Баланың тілін дамыту мәселелері: «Сөйлеу кемістігі дегеніміз не?», «Отбасының бала тілін дамытудағы рөлі», «Тыныс алу гимнастикасы», «Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу мәдениетінің дыбыстық қалыптасуындағы артикуляциялық гимнастиканың мәні».
Қазақ тілі мұғалімі Қ.Қ.Сейтқазинова жауап береді: Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін оқыту мәселелері: «Дидактикалық ойындар – сөздікті байыту құралы», «Балалармен бірге есте сақтаймыз», «Тірек сызбалары арқылы әңгіме құрастыруға үйрету» және т.б.