Президент Нұрсұлтан Назарбаев біздің алдымызға міндет қойды: 3 тілде сөйлеу: қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде, бірақта өз туған тілінді ұмытпа. Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін- ана тілі мен ата дәстүрі. «Туған жер» жобасын іске асыру мақсатында біздің балабақшада 14 желтоқсанда «Біз қазақша сөйлейміз» сайысы өткізілді. Сайысқа оқытылуы орыс тіліндегі ересек және даярлық топтың ата-аналарымен балалары қатысты. «Жұлдыздар» және «Гүлдер» командасы сайыс барысында өздерінің қазақ тілін қаншалықты білетіндерін көрсете білді: сөздерді атады, ойыншық туралы шағын әңгіме құрды, кроссворд шығарды және олардың шығармашылық тапсырмалары бағаланды. Жыл ішінде біздің балабақшада отбасы күні, жеңіс күніне орай мәнерлеп оқу байқауы және сегізінші наурыз мерекесі қарсаныңда Ал, кәнеки қыздар! сайыстары және қазақтың ұлттық ойындарының жарыстары өткізіледі. Бұл мерекелерге өзге ұлттың ата-аналарымен балалары қатысады. Осындай мерекелер біздің ұлттық дәстүрімізге және қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытады.
«Туған жер»