"Елімнің бағы-Елбасы"
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу шеңберінде Павлодар қаласының № 34 "Крепыш" балабақшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елімнің бағы-Елбасы" мерекесі өтті.
Осы іс-шараны өткізудің мақсаты - тәрбиеленушілерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен және қызметімен таныстыру, оның тәуелсіз республиканың дамуы мен құрылуындағы маңыздылығы мен рөлі, Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге ықпал ету, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, өз отбасы үшін сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу, ата-аналарға құрмет көрсету болды.