Суреттер сайысы
"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" декадасының шеңберінде біздің балабақшада 2020жылғы 05.02.мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері арасында суреттер сайысы өтті. Өз суреттерінде балалар ең жақын, сүйікті және қымбат адамдарды бейнеледі. Оларға деген қарым-қатынасын олар қуанышты, жарқын түстермен ұштастыра берді.