"Махаббат-өмір негізі"
2020 жылғы 12 ақпанда"Өзін – өзі тану" пәні бойынша мектеп алды даярлық топтарында "Махаббат-өмір негізі" тақырыбында ашық сабақтар өтті. Шақырылған қонақтар ретінде ата-аналар комитетінің өкілдері қатысты. Сабақтың мақсаты: балаларға ұғымның мәні мен мағынасын ашу арқылы "махаббат" жалпы адамзаттық құндылығы туралы түсінік беру, адамдарға, табиғатқа көмектесу қажеттілігін тәрбиелеу; өзінің іс-әрекеттерінде жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алу. Мектеп жасына дейінгі балалар махаббат, мейірімділік, қайырымдылық жайында өздерінің көзқарастары туралы айтты. Блум Түймедағы арқылы қорытынды жасалды.