5 қазаннан 7 қазан аралығында № 79 сәбилер бақшасында барлық топтарда "Алтын күз " мерекесі болып өтті. Балалар мерекеге белсене қатысып, өлең, тақпақ, мың бұрала би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ жоғары топ балалары шағын көрініс қойып, ата-аналарын қуантты. Мереке соңында балаларға күздің сыйы жемістер таратылды.
