№ 79 сәбилер бақшасының даярлық топ балалары Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қарсаңында қаламыздың Достық үйіне барып қайтты. Олар көптеген ұлт өкілдерінің әдет ғұрпы мен салт -дәстүрлерімен танысты. Сондай-ақ балаларға мәжіліс залын, мұражай, кітапхана, ұлттық киімдер көрмесін көрсетті. Балалар барлығын мұқият тыңдап, көптеген қызықты мәліметтер алды.
