"Қыс қызығы"
2023 жылы 25 қаңтарда сәбилер - балабақшасында мектепке дейінгі топтар арасында ата-аналардың қатысуымен "Қыс қызығы" атты ойын-сауық өтті. Оның мақсаты: балалардың денсаулығын нығайтып,бекіту, физикалық мәдениетін ойын арқылы дамытып, балалар мен ата-аналардың бойында қуанышты көңіл-күй қалыптастыру болды. Балалар мен ата-аналар эстафеталарға, ойындарға қатысып көңілді уақыт өткізді.
